Желіде екі жасқа тойдың орнына үй сыйлаған әкенің әрекеті жұртты сүйсінтті деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бейнежазбада қақпасына «Әкенің сыйлығы» деп жазылған еңселі қоңыр шатырлы жер үйдің сыртына қызыл мерекелік мата тағылғаны көрінеді.
«Іші жанға, сырты малға толсын. Әкесіне деген сол келіннің қолынан әрдайым тәтті ыстық шәй құйыла берсін», «Молодец, тойдан қалған кредит емес, жастарға баспана ғой керегі», «Қазақ осылай мақтану керек», «Өте дұрыс, той тек шығынға батырады», – деп жазып жатыр сүйсінген ғаламтор пайдаланушылар.