Алматы мен Батыс Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол бөліктері жабылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 26 желтоқсан күні сағат 11:30-дан бастап Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы – Өскемен тас жолының 76-161 шақырымында, Қапшағай қаласы мен Сарыөзек ауылы арасындағы жолда көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
25 желтоқсан күні БҚО-да сағат 20:05-тен бастап бұрқасын және көрінудің шектелуіне байланысты Орал – Тасқала – Ресей шекарасы учаскесінің 4-104 шақырымы, Орал – Ресей шекарасы жолдарында барлық көлік түрлеріне қозғалысқа шектеу енгізілді.
Қауіпсіздік және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін көлік жүргізушілеріне ұзақ сапарлардан бас тарту ұсынылады.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 1403 телефоны бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласуға болады.