Тұман, жел, жаңбыр: 31 желтоқсанда ауа райы қалай болады

Ulysmedia

Еліміздің басым бөлігіндегі ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Қазгидрометтің мәліметінше, еліміздің батысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронттар өтетіндіктен, ауа райы тұрақсыз болып, қар жауады. Оңтүстікте жаңбыр жауып, жел күшейеді. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, Түркістан облысының тау бөктеріндегі аудандарында, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының солтүстік-батысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының шығысында, Алматы облысының солтүстігінде тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түсіп, түнде облыс орталығында желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аймағында тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігін тұман басып, түнде облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.