Сұйытылған газ бағасы Ақтөбеде де 50 теңгеге түсті

Ulysmedia

Ақтөбе қаласының әкімдігі бейбіт митингке келгендердің жергілікті атқарушы орган алдындағы екі талабы да орындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: diapazon.kz

«Біріншісі – митинг барысында қамауға алынғандарды босату. Бұл талап орындалды – ұсталғандар босатылды. Екіншісі - сұйылтылған газ бағасын арзандату. Бұл талап та орындалды – сұйылтылған газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендетілді», - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Маңғыстаулықтардың ереуіліне басқа облыстар да қосыла бастағаны туралы жаздық.

Жекелеген белсенді азаматтар Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Тараз, Өскемен, Қызылорда қалаларында жиналып, маңғыстаулықтарды қолдайтынын білдіріп жатыр.