Қазақстанда 15 сәуір - ғашықтар күні қанша жұп неке қидырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, ғашықтар күні 500-ден астам жұп неке қиюға өтініш берген.
ӨҢІР
Ең көп өтініш Алматы, Астана және Түркістан облыстарында тіркелген.
1 ТОҚСАНДАҒЫ СТАТИСТИКА
2025 жылдың 1 тоқсанында "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясында 23 835 неке тіркелген.
ҒАШЫҚТАР КҮНІ
Айта кетейік, 15 сәуір – Қазақстанда Ғашықтар күні ретінде аталып өтеді. Мереке алғаш рет қазақ әдебиетінің қос шынары – Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу махаббатына арналды. Ғашықтар күні шынайы махаббатты дәріптейтін ерекше күн болып саналады.