Қазақстанның ең кедей өңірлері белгілі болды

Ulysmedia

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен ең кедей қазақстандықтардың 85%-ы көпбалалы және үлкен отбасыларда – бес және одан көп адамнан тұратын отбасыларда тұрады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

Еліміздің кедей аймақтары – Түркістан, Ақмола облыстары мен Шымкент қаласы, дейді finprom.kz.

Биылғы жылдың екінші тоқсанында табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесі 4,8% құрады. Бұл 2020 жылдың екінші тоқсанына қарағанда 0,9 пайыздық тармаққа аз, және де 2021 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа көп.

Ауылдық жерлерде кедейлік деңгейі қаладағы кедейліктен екі есе жоғары, тиісінше 6,8% және 3,4%. Бір жыл бұрын табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесі қалалық жерлерде 4,2%, ауылдық жерлерде 7,8% құрады.

Ел өңірлеріне келсек, 2021 жылдың екінші тоқсанында табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың ең көп үлесі өткендегі кезеңдер сияқты Түркістан облысында (10,5%) тіркелді. Кедейлік деңгейі бойынша үштікке Ақмола облысы (6,6%) мен Шымкент қаласы да (5,6%) кірді.