Қазақстанда медициналық көмектің сапасыздығына шағым күрт көбейді

Ulysmedia

Өткен жылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 24 мың шағым түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ulysmedia.kz

2021 жылмен салыстырғанда шағымдар саны 35 пайызға өсті. Олардың жартысына жуығы Алматы, Астана және Қарағанды облыстарына тиесілі.

Қазақстандықтар көбіне медициналық көмектің сапасыз көрсетілуіне (32,6%), көмек көрсетуден бас тартылуына (19%), медициналық көмектің ұзақ күтілуіне (5,8%) және дәрілік заттармен қамтамасыз етудегі заңсыздықтарға (4,8%) наразы.

Сондай-ақ, пациенттер мейірбике қызметкерлерінің дөрекі қатынасына, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіретін көмек түрін алу үшін сақтандырылушы мәртебесін заңсыз талап ету жағдайларының жиілегеніне шағымданған.