Қазақстан Түркияға тағы 60 құтқарушы жібереді

Ulysmedia

Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының тағы бір борты жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға ұшады. Тиісті тапсырманы президент Қасым-Жомарт Тоқаев берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ

Екінші эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептері бар.
 
ТЖМ жедел әрекет ету күштерінде авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтардың 150-ге жуық және дәрі-дәрмектің 160-тан астам түрі бар.
 
Осылайша, Түркияға тартылған қазақ құтқарушыларының жалпы саны 100 адамды құрайды.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда Түркияның ірі зілзала тіркелді. Жер сілкінісінен ресми ақпарат бойынша 6 мың ғимарат қираған. АФАД мәліметінше, 7,4 баллдық жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында жергілікті уақыт бойынша 04:17-де 7 шақырым тереңдікте болған. Содан кейін жер сілкінісі әр түрлі аймақтарда - Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада жарты сағат бойы сезілген. Зілзала құрбандарының саны сағат сайын артып келеді.

Түркияның ТRT мемлекеттік телеарнасы тікелей эфирде Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан провинциялардың кадрларын көрсетті. Онда тұрғындар суыққа қарамастан, зілзала қайталануынан қорқып, үйлерін тастап кеткен.

РҒА институтының директоры Петр Шебалин Түркиядағы төтенше оқиға 1988 жылы Арменияның Спитак қаласында орын алған зілзаладан әлдеқайда күшті болғанын мәлімдеді.

Әлемнің 65 мемлекеті Түркияға әртүрлі деңгейде көмек көрсетіп жатыр. 7 ақпанда Қазақстан құтқарушылары Газиантепке жетті. ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға шұғыл түрде 1 млн доллар қаржы бөлуді тапсырды.