Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Мыңдаған шағым түссе де, небары 22 қылмыстық іс қозғалған

Ulysmedia

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болған 27 мың әйел сенім телефондары арқылы ІІМ инспекторларының көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған онлайн брифингте мәлім болды.

Алайда, мамандар олардың барлығын бірдей арнайы орталықтарға орналастыру мүмкін еместігін айтады. Бүгінде отбасында теперіш көрген 3 мыңға жуық әйел уақытша дағдарыс орталықтарында тұрып жатыр.

2022 жылы 5,5 мың зомбылық құрбаны полицияға жүгінді. Нәтижесінде 22 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылса, 4731-іне әкімшілік жаза берілді, – дейді  министрліктің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.