Қазақстандықтардың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай табысы өткен жылы өсті, алайда халықтың аталған кезеңдегі нақты ақшалай табысы 13%-ға азайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
2022 жылдың соңына қарай Қазақстандағы инфляция 20%-дан асты. Қаңтар айында бағаның өсуі жалғасты және бір айда азық-түлік тағы 1,4%-ға, азық-түлік емес тауарлар 0,9%-ға, ақылы қызметтер 0,7%-ға қымбаттады.
Бағаның рекордтық өсуі қазақстандықтардың әл-ауқатына әсер етті. Халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай табысы 2022 жылғы желтоқсандағы бағалау бойынша 149 510 теңгеге жеткеніне қарамастан, бұл рекордтық инфляцияны жабу үшін жеткіліксіз болып шықты.
Бұл ретте, ағымдағы жылдың қаңтар айында жұмыссыздар саны 456 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,8%-ын құрады.