Елімізде биыл жемқорлардың ақшасына 70 мектеп салынады

Аян Өрібай

Бұл туралы үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Биыл жемқорлардың ақшасына 70-тен астам мектеп салынады. Құжаттар дайын. Тізім бар. Таяуда осы тізім қолдау тауып, аталған мектептердің құрылысын қаржыландыру басталады. 23 өңірді қамтимыз», - деді министр.

Бейсембаевтың айтуынша, жемқорлардан түсетін қаражат жаңа мектептерді салуға да, құрылысы басталған мектептерді аяқтауға да жұмсалады.