Қазақстанда қандай көліктер жиі ұрланады

Ғалиасқар Думан

Соңғы жылдары Қазақстанда көлік ұрлығы жиіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

autonews.ru

ІІМ мәліметінше, өткен жылы күн сайын өткізілетін жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көлік ұрлығы үшін мыңнан астам адам, оның ішінде 40 қылмыстық топ ұсталды, 2023 жылдың басынан бастап автокөлік ұрлығымен айналысатын 140 адам және 2 қылмыстық топ жауапқа тартылды.

Мәселен, биылғы 25 ақпаныда Алматы қаласында Toyota Camry-70 автокөлігін ұрлағаны үшін қылмыстық топтың үш қатысушысы ұсталды, оларды тінту іс-шаралары барысында автокөліктің фарасы арқылы борттық компьютерге қосылып, автокөліктің күзету жүйесін ажыратуға арналған электрондық құрылғы тәркіленді. Сонымен қатар ұсталғандар осындай тәсілмен Шымкент қаласында Lexus LX570 автокөлігін ұрлауға әрекет жасағандарын мойындады.

Полиция дерегінше, автокөлік құралдарын ұрлау мен айдап кетуге ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайларды келесідей бөліп көрсетуге болады:

– күзет дабылдарының болмауы (айдап әкетудің 70% жағдайларында дабыл болмаған);

– автокөлікті ұзақ уақытқа қараусыз қалдыру;

– ТМД елдерінің “сатушыларынан” “қылмыстық” және шектеулері бар автокөліктерді сатып алу;

5 жылдағы талдауларға сүйенсек, барлық маркалы ресейлік автомобильдер ең жиі ұрланады (73%). Ұрлану жиілігі жөнінен екінші орында – Toyota(13%). Сондай-ақ,  MAZDA – 5%, Nissan – 3%, Audi, Hyundai және Lexus – 2% көліктерін ұрлау деректері жиі тіркеледі екен.