Аналар және әкелер күні: Қазақстанда екі жаңа мереке атап өтілмек

Ulysmedia

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстанның мерекелік күндерінің тізіміне аналар күні мен әкелер күнін енгізуді ұсынады. ҚР Үкіметі қаулысының тиісті жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі

Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі»,-делінген құжат жобасында.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

ҚР Үкіметі қаулысының жобасы 2023 жылғы 5 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.