2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 249 кәсіпорында 11,3 мың жұмыскердің алдында 1,9 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 248 нұсқама беріліп, 31,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
«Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 8,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 1,3 млрд теңге төленді»,- делінген хабарламада.