Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шартты мақұлдау туралы тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Қоса беріліп отырған орыс тіліне қатысты халықаралық ұйым құру туралы шарттың жобасы мақұлдансын. Қазақстан Республикасының атынан орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру туралы шартқа қол қойылсын", - делінген жарлықтың мәтінінде.
Құжатта орыс тілінің Біріккен Ұлттар Ұйымының, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының, Еуразиялық экономикалық одақтың, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының ресми немесе жұмыс тілі ретіндегі рөлі және әртүрлі мемлекеттердің халықтары үшін ұлтаралық коммуникацияның негізгі құралы ретіндегі рөлі атап өтіледі.
Ұйымның міндеттері:
Құжатқа Қазақстаннан басқа Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан және Украина қол қойды.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстан президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде тіл мәселесіне жеке тоқталған.
«ТМД кеңістігінде және одан әлдеқайда кеңірек халықаралық ауқымда орыс тілін насихаттау үшін қабылданып жатқан шаралар елдеріміздің ұлттық бірегейлігін нығайту үрдісіне кері әсер етпейді. Қазақстан қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін күшейту саясатын жалғастыра береді», – деді мемлекет басшысы.