Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Швецияның НАТО-ға кіретіні туралы хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Түркия президенті әкімшілігінің хабарлауынша, енді құжатты Түркияның парламенті бекітуі тиіс.
"2023 жылдың 23 қазанында Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы хаттамаға президент Режеп Тайип Ердоған қол қойып, құжат Түркияның Ұлы ұлттық жиналысының қарауына жіберілді", - делінген хабарламада.
НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркия басшысының бұл қадамына қолдау білдірді.
"Президент Ердоғанмен кездесуде айтып өткенімдей, бұл бүтін Альянсты қуатты әрі қауіпсіз ете түседі", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүше болуын қолдамай келген.