Азаматтық авиация комитетінің экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды

Ғалиасқар Думан

Талғат Тілеубекұлы Ластаев Көлік вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

primeminister.kz

Талғат Ластаев 1980 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын, Ұлттық авиация университетін (Украина), Дьюк университетінің мемлекеттік саясатының Сэнфорд мектебін (Солтүстік Каролина, АҚШ) бітірген. 

Еңбек жолын 1999 жылы банк саласында бастаған.

Әр жылдары өндірістік кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2008 жылы - Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдарын дамыту басқармасы бастығының міндетін атқарушы, бастығы.

2008-2009 жылдары - ҚР ККМ Сапаны бақылау басқармасының бастығы.

2009-2014 жылдары - ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары.

2014-2019 жылдары - ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары.

2019 жылдан 2023 жылға дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болды.