Абай облысы Аягөз қаласында жеке үйден шыққан өрт 4 баланың өмірін жалмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«2023 жылғы 25 қазанда сағат 10:49-да ТЖБ күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласының жеке үйлерінің бірінде түтін шыққандығы туралы сигнал келіп түсті. 6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы дереу сол жерге кетті», - делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 шаршы метрде жиһаздар мен жеке заттары жанғаны анықталды.
Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11.24-ге толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр.
«Оқиға орнында төрт баланың денесі табылды. Өлімнің себебі анықталуда. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетілуде», - делінген хабарламада.