Аягөздегі 4 баланың өлімі: тергеу басталды

Ғалиасқар Думан

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Аягөз қаласындағы төрт баланың өліміне себепші болған өртке қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«Тергеу амалдары басталды. Өрттің себебі анықталады. Қазір сіздерге өрттің неден шыққанын айта алмаймын», - деп жауап берді ол Сенаттың кулуарында.

Еске сала кетейік, 25 қазанда таңертең Абай облысы Аягөз қаласында жеке үйлердің бірінен өрт шығып, 4 баланың мәйіті табылды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін 20 шаршы метр көлемінде бөлмелердің бірі өртенгенін анықтаған.