Елімізде ойын бизнесінің салығы өседі

Ғалиасқар Думан

Ұлттық экономика министрлігі ойын бизнесіне салынатын салықты арттыруды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Сенатта өткен Салық кодексіне арналған Үкімет сағатында ведомство басшысы Әлібек Қуантыров мәлім етті.

«Елімізде азық-түлік тауарларын өндіру және қайта өңдеу үшін ҚҚС салудың тиімді жағдайлар жасалған. Сондай-ақ бөлшек саудагерлер бөлшек салық режимін қолданады, онда ҚҚС-тан босату да қарастырылған. Бұл жеңілдіктер сақталады», - деді министр.

Сондай-ақ, министрлік кейбір салалар үшін корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесін арттыруды ұсынды.

«Шикізат және қаржы секторлары, сондай-ақ ойын бизнесі салалары үшін КТС мөлшерлемесін 25-30%-ға дейін арттыру ұсынылады. Сондай-ақ шығындарды ауыстыру мерзімдерін және талап қою ескіру мерзімін 5 жылға дейін теңестіру мәселесі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді Қуантыров.

Айта кетейік, бұдан бұрын  Ұлттық экономика министрі ведомство қазақстандықтардың депозиттеріне қосымша салық салу жоспарынан бас тартқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, елімізде несиеге сатып алынған қымбат мүліктерге де байлық салығы салынатынын айтты.