ТЖМ хабарлауынша, қазіргі уақытта 35 адамның денесі табылып, олардың 29-ының денесі жер бетіне шығарылған. 11 кеншіні іздеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды. Газ жағдайын бақылау жалғасуда", - делінген хабарламада.