Астанада бұрынғы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың алдын ала соты басталды. Тіркелмеген "Ел тірегі" партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаев “аса ірі мөлшерде пара алды”деген күдікпен биыл маусымда қамауға алынған.
Прокурор экс-мәжілісмен Нұржан Әлтаевқа қандай айып тағылып отырғанын айтты
Оның сөзінше, экс-мәжілісмен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тұрған кезде “2018-2020 жылдар аралығында делдалдар арқылы 50 млн теңгеден артық пара алған”. Қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша қозғалған.
Сотта Нұржан Әлтаев өзіне тағылған айыпты “сандырақ” деп атады.