Қазақстан мен Франция қандай келісімдерге қол қойды

Ғалиасқар Думан

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция президенті Эмманюэль Макрон арасындағы келіссөзден кейін екі елдің ресми делегация мүшелері бірқатар құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда

Қазақстан мен Францияның ресми делегация мүшелері қол қойған құжаттар:

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстанда Француз даму агенттігі тобын құру және оның жұмыс істеуі туралы келісім;
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында халықаралық (француз) мектептер ашуға және Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында француз тілін оқытуға қатысты келісім;
  3. Франция мен Қазақстан арасындағы стратегиялық пайдалы қазбалар бойынша ынтымақтастық туралы бірлескен ниет декларациясы;
  4. "QazBioPharm "ҰХ" АҚ мен Boehringer Ingelheim Animal Health France компаниясы арасында Қазақстан Республикасында аусылға қарсы вакцинаны жергілікті өндіру бойынша ынтымақтастық, лицензия және жеткізу туралы келісім;
  5. Энергияны жинақтау жүйесі бар, жиынтық қуаты 1 ГВт жел электр станцияларын салу жобасы бойынша бірлескен кәсіпорын туралы келісім;
  6. "Қазақстан Республикасында теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрамды, сондай-ақ теміржол техникасының қосалқы бөлшектерін өндіру және оларға сервистік қызмет көрсету" жобасын іске асыру жөніндегі инвестициялар туралы келісім.

Айта кетейік, Франция президенті Эмманюэль Макрон бүгін Астанаға ресми сапармен келді.

Тоқаевпен кездескен Макрон Қазақстанның қандай да бір державалардың вассалы болудан бас тартқан жолын құрметтейтінін мәлімдеді.