Ел кәсіпорындарының жұмысшыларға қарызы 6,2 млрд теңгеден асып жығылды

Ғалиасқар Думан

Жыл басынан бері елімізде 21 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 915 кәсіпорны 24 мың жұмыскерге 6,2 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады.

«Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 218 нұсқама беріліп, 169,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 21 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,3 млрд теңге төленді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қостанайда 1,5 мыңға жуық мұғалімнің зейнетақы жарналары аударылмағаны анықталған.