Нұр-Сұлтанда 1800-ге жуық шетелдік көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды

Ulysmedia

Елорда аумағында 11-18 қазан аралығында заңсыз көші-қон арналарын анықтау және жолын кесу мақсатында «Нелегал-Кордон» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

polisia.kz

polisia.kz-ның мәліметінше,п олиция қызметкерлері шетелдік азаматтарды заңсыз табылуы мүмкін жерлер: қонақүйлер, жатақханалар, құрылыс алаңдары, базарлар, вокзалдар, индустриалды аймақтарды тексерді. Жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде көші -қон заңнамасын бұзудың 2,5 мыңнан астам фактісі анықталды, оның ішінде 1788 шетелдік, 750 Қазақстан Республикасының азаматы және 70 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды.

Мамандандырылған соттың шешімімен 70 шетел азаматы елден шығарылды. Сот 587 шетелдікке қатысты уақытша болуды қысқарту туралы шешім қабылдады. Алдын алу шаралары барысында іздеуде жүрген тоғыз қылмыскер ұсталды. Шекараны заңсыз кесудің үш фактісі анықталып, заңсыз көші -қон ұйымдастырған бір құқық бұзушы ұсталды.