ҚР Ұлттық банкі 11-13 қараша аралығындағы шетел валюталарының ресми бағамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бір күн бұрын, яғни 10 қарашада сауда-саттық ашылған сәттен бастап және күні бойы теңге шетел валюталарына қатысты қайта нығайды. Демалыс күндері доллар 467,9 теңгеден саудаланады, бұл өткен аптамен салыстырғанда 2,76 теңгеге жоғары. Айта кетейік, теңге америкалық валютаға қатысты үш күн қатарынан тұрақты түрде әлсіреді.
Алдағы үш күнде еуро бағамы 499,48 теңгені құрап, өткен демалыс күніндегіден 4,34 теңгеге қымбаттады.
Ресей валютасы 5,08 теңге болады. Мұнда өткен аптамен салыстырғанда төмендеу 0,07 теңгені құрады, өйткені рубльдің өзі соңғы проблемалық айлармен салыстырғанда қазір айтарлықтай жақсы.
Ал юань бағамы - 64,17 теңге.