Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ел біріншлігі 12-15 қараша күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылмақ.
“Республикалық додаға еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған”, – деп жазды Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.
Қатысушылар арасында бүгін де ұлттық құрама сапында әлемдік додаларда ел намысын қорғап жүрген бірқатар татами шеберлері бар.
Жарыстың ашылу салтанаты Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 13 қараша күні сағат 16:30-да өтеді.