Атырауда халықаралық тасжол құрылысынан 60-тан астам бұзушылық анықталды

Ғалиасқар Думан

Атырау – Астрахань тасжолында салынып жатқан асфальт сынамаларына жүргізілген сараптама нәтижесінде 65 бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

ATPress жазуынша, халықаралық трассаның құрылысын мұқият бақылауды "жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Атырау облыстық филиалының мамандары жүргізеді. Жұмыстың сапасын тексеру үшін олар қырық шақырым жолдан 400-ге жуық асфальт жамылғысының үлгісін алып, 65 ақауды тапты.

65 үлгі Қазақстан Республикасының стандарттарына сәйкес келмейтіні анықталды. Яғни, жол құрылысы үшін пайдаланылатын кейбір жерлерде үлкен кеуекті қиыршық тас бары, қиыршық тас фракциясы және өзек кескінінің қалыңдығы сәйкес келмейтіні белгілі болды. Кейбір жерлерде көлік қозғалысы үшін ашық жол жамылғысы тегіс емес екені анықталды.

Анықталған бұзушылықтардың тоғызы жойылды. Құрылыс компаниясы барлық қосымша жұмыстарды өз есебінен жүргізуге міндеттелді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ақмолада жол құрылысына бөлінген 1,2 млрд теңге ұрланғаны хабарланған.

Сондай-ақ Алматы облысында жол салу кезінде орын алған бұзушылықтар фактісі бойынша жолаушылар көлігі басқармасы басшысының экс-орынбасары ұсталды.