Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылықты қолдайтындар саны қанша

Ғалиасқар Думан

"Дүниежүзілік құндылықтарға шолу" жобасы аясында Қазақстан 50-орынға ие болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Алаңдатарлық статистика

Сауалнама барысында респонденттерге "Күйеуі әйелін ұруға құқылы ма?» деген сұрақ қойылған. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, қазақстандықтардың 60%-дан сәл азы “жоқ” деп жауап берсе, қалған бөлігі әйелдердің зорлық-зомбылыққа ұшырауын қалыпты құбылыс деп санайтыны анықталды.

Сауалнама деректері бойынша Қазақстан 61 мемлекет арасында 50-орында, яғни аутсайдерлер тобында.

Басқа елдердегі жағдай қандай?

Азаматтары әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа түбегейлі қарсылық білдірген елдердің қатарында Германия (сауалнамаға қатысқандардың 95%-дан астамы), Мальдив аралдары (95%) және Греция (90% - дан астамы) бар. Рейтингте соңғы орынды Тәжікстан иеленді, онда респонденттердің небары 20%-дан астамы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тыю керек деп есептейді.

Сауалнамаға ерлер де, әйелдер де қатысқанын атап өткен жөн.

"Дүниежүзілік құндылықтарды зерттеу" (WVS) – қоғамның мәдени және құндылық бағдарларын зерттейтін халықаралық жоба. Зерттеуді американдық әлеуметтанушы Рональд Инглехарт бастаған және 1981 жылдан бері жүргізіліп келеді.