"Гастро-орталық" Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамханамен келісімшартты бұзды

Ғалиасқар Думан

«Гастро-орталық» Салтанат Нүкенова өлтірілген BAU мейрамханасының маңдайшасын бөлшектеп жатқан кадрларды көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz

"Гастро-орталық" мәлімдемесі

"Гастро-орталықтың басшылығы мен қызметкерлері тергеу іс-шараларына көмектесу үшін бар мүмкіндігін көрсетіп жатыр. Біз қоғамның ренішін бірге бөлісеміз-зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды", - делінген хабарламада.

"Гастро-орталықта" қабылданған шаралар

Хабарламаға сәйкес, "аталмыш жағдайға байланысты "Гастро-орталықта" орындалуы белгілі бір заң тұрғысынан келісімдерді талап ететін бірқатар шешімдер қабылданды".

  • құрылтайшылардың бірауыздан қабылдаған шешімімен BAU мейрамханасының иелерімен жалдау шарты бұзылды;
  • "Гастро-орталықтың" жаңа директоры тағайындалды;
  • "Гастро-орталықты" күзету жөніндегі қауіпсіздік шаралары күшейтілетін болды. Күзет қызметтерін көрсететін ұйымдармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

BAU мейрамханасы "Гастро-орталықта" кеңселерді жалға алатын 30 мекеменің бірі болғаны атап өтілді.