«Әлем аруы» сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды

Ulysmedia

Сальвадорда жаңа «Әлем аруы» анықталды. Ол никарагуалық 23 жастағы Шанис Паласиос болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: twitter/MissUniverse

Биыл байқау өз тарихында 72-ші рет өтті. Оған әртүрлі елдерден 84 үміткер қатысты.

Жеңімпаздың бұқаралық коммуникация саласында білімі бар екені белгілі және бұрын волейбол ойнаған.

Екінші орынды Таиланд өкілі, 27 жастағы Антония Порсилд еншіледі.

Байқауға Қазақстан атынан «Алматы аруы-2022» және «Қазақстан вице-миссі-2022» атақтарының иегері 20 жастағы Томирис Заир қатысты.

Келесі жолы «Әлем аруы» байқауы Мексикада өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Астана аруы-2023» атағын Карима Бримжанова жеңіп алған еді.