7 жасар Милананың өлімі: Екібастұздағы қайғылы оқиға жайлы омбудсменнің пікірі

Ulysmedia

Алдын ала мәліметтер бойынша, кішкентай қыздың өлімі бойынша күдікті қылмысын мойындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Балалар омбудсмені Динара Закиева Екібастұзда болған қайғылы оқиғаға түсініктеме берді.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмысқа күдікті деген баланың өз анасы қылмысын мойындады. Осы отбасының басқа балалары ЦПД-ға орналастырылады. Мұндай қорқынышты оқиғаларға көбінесе ішімдік ішетін,  "жайсыз отбасы" ретінде есепке алынғандар душар болады. 70% жағдайда тергеу іс-шаралары барысында біреудің  бір нәрсені көріп- білгені, бірақ хабарламағаны, араласқысы келмегені, қорқатыны және т.б. анықталады", – деп атап өтті Закиева.

Олар қазақстандықтарды балаларға қатысты зорлық-зомбылықты байқап қалса, белсенді болуға шақырады. Сондай-ақ Закиева балалардың қауіпсіздігі туралы заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттігін атап өтті.

"Балаларға қатысты қолдау тапқан маңызды түзетулердің бірі – балаларға жасалған зорлық-зомбылық, ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік (криминализация). Өйткені, жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ете отырып, біз ауыр зардаптардың алдын аламыз", - деді ол.

Еске сала кетейік, 7 қараша, жұма күні сағат 16.00 шамасында Қоянды ауылдық округіне қарасты Бесқауға ауылындағы мектептің 3-сынып оқушысы, 2015 жылы туған Милана Давыдова жоғалып кеткен. Ауыл тұрғындары оны соңғы рет ауылдан бір жарым шақырым жерде көрген.

Қыздың әкесі Александр Колчин қызының қайда кеткенін түсіндіре алмайтынын айтты. Ол жоғалған күні Джайляудағы жұмысында  болған. Милананың әкесі қызын ұрлап кетуі мүмкін екенін айтқан.