Мейірман Көшербаев Jusan Invest компаниясының басқарма құрамынан шығарылды

Ғалиасқар Думан

Оның отставкаға кету себебі әлі белгісіз, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 15 қарашадағы шешімімен Мейірман Көшербаев  "First Heartland Jusan Invest" АҚ Басқарма құрамынан шығарылды. Компанияда отставкаға кету себептері туралы хабарланған жоқ. Басқарма кеңесінде ол операциялық қызметтің басшысы қызметін атқарған.

Бүгінгі таңда енгізілген өзгерістерді ескере отырып, инвестициялық қорлар компаниясының басқармасы үш адамнан тұрады – Дана Оразбаева, Шынар Қасымбаева және Тимур Сәлімова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Владимир Кимнің Jusan Invest-ті басқарғаны белгілі болды.