Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресте күш біріктіреміз: Аида Балаева Қазақстан халқына үндеу жасады

Ulysmedia

Мәдениет және ақпарат министрлігінің басшысы Аида Балаева әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күніне орай Қазақстан халқына үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл күнді БҰҰ 2000 жылы белгіледі.

Балаева атап өткендей, күн сайын жүздеген әйел физикалық, психологиялық, экономикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады.

«Бұл күн біздің заманымыздың күрделі мәселесі болып келген зорлық-зомбылыққа қарсы күресте күш біріктірудің маңыздылығы мен қажеттілігін еске салады. (...) Ажырасу әйелдерге қуғын-сүргіннен құтылуға үнемі көмектесе бермейді. Олардың көпшілігі үнсіз қалады, ұялады немесе не болып жатқанын айтудан қорқады», - деді Мәдениет министрі.

Министрдің пайымынша, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық тек қорлаудан және құқықтарын бұзудан ғана тұрмайды, гендерлік теңдікке де елеулі кедергі болып келеді.

Бұған дейін Қазақстанда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы флешмоб басталған болатын.