Аргентинаның жаңа президенті Орталық банкті жауып тастамақ

Ulysmedia

Аргентинаның жаңа сайланған президенті Хавьер Майли сайлау науқаны кезінде айтқан елдің Орталық банкін жабу туралы идеясынан бас тартпайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Wikipedia

Оның баспасөз қызметі тиісті мәлімдеме жасады.

«Жалған қауесеттердің таралуына байланысты біз Аргентина Республикасының Орталық банкін жабу мәселесі талқыланбайтынын түсіндіргіміз келеді», - делінген Reuters хабарламасында.

Майли елде басқа да түбегейлі өзгерістер жасамақшы. Оның ішінде экономиканы долларландыру, мемлекеттік компанияларды жекешелендіру, БРИКС-ке қатысудан бас тарту сынды бастамалар бар.

20 қарашада Аргентинада өткен президенттік сайлауда оппозиция жетекшісі Хавьер Майли екі дауыстың нәтижесінде жеңіске жетті. Сайлау бюллетеньдерінің 87%-ын санау нәтижесіне сәйкес, оған дауыстардың 56%-ы, ал оның бәсекелесі, билеуші ​​партияның кандидаты Серхио Массаға 44%-ы берілген.