Видео Астанадағы Ботаникалық бақта түсірілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Кадрларда суға түсіп кетеміз деп қорықпайтын ер адамның жұқа мұзға шығып кеткенін көруге болады. Сонымен қатар, өзіне сенімді "әке" бір баланы қолымен жетектеп, екіншісіне мұз үстінде сырғанауға көмектеседі. Осының бәрін солардың жанында отырған әйел бақылап отыр (балалардың анасы болуы мүмкін).
Қазақстандықтар видеоны қызу талқыға салды.
– Егер өзіңді ойламасаң, балаларды ойласаңшы. Олар кінәлі емес, – деп ашулана жазады қазақстандықтар.
Сондай-ақ, көп адам мұндай ата-аналар барда кез келген уақытта қорқынышты трагедия болуы мүмкін екенін ескертеді.
– Мұндай ата-аналарға жауапсыздығы үшін айыппұл салынуы керек, – дейді комментатордың бірі.
Өз кезегінде, ТЖМ мұз жарылып, суға түскен адам шамамен 10-15 минуттан кейін қатып қалатынын ескертеді. 20 минуттан кейін есінен танып, өлуі мүмкін екенін еске салады. Құтқарушылар қалыңдығы кемінде 10 сантиметр болатын мұз адамдар үшін қауіпсіз деп саналатынын ескертті.