Көлік министрі Марат Қарабаев Астанадағы LRT құрылысына 2023 жылы 45 млрд теңге, ал жұмыс ауқымы кеңейсе,150 млрд теңгеге дейін сұралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Биыл 52 млрд теңге бөлінді. Жыл басында. Бұқаралық ақпарат құралдарында қазір осы соманы біз сұрап отырмыз деген ақпаратты көрдік. Әңгіме ол жайлы емес. Ол сома бөлініп, құылымның тіреулерді орнату үшін “сваи” қағу жұмыстары 96 пайызға аяқталды. Қазіргі таңда тіреулерін орнату жұмыстарының өзі 76 пайызға аяқталды. Ал құррылымдарын бір-біріне жалғау жұмыстары білуімше 82 пайызға аяқталды. Бұл – биыл аяқталған жұмыстар, – деді Марат Қарабаев.
Министр қазіргі уақытта келесі жылғы бюджеттің жобасы талқыланып жатқанын айтты.
– Келесі жылы құрылыс монтаж жұмыстарын аяқтау үшін шамамен 45 млрд теңге керек болады. Қазір құрылыс алаңында мың жарымға жуық жұмысшы еңбек етіп жатыр. Егер құрылыс жұмыстарының ауқымы кеңейсе, онда қосымша 150 млрд теңгеге дейін қаражат сұраймыз. Алайда жалпы нысанды аяқтау жоспары 2025 жылға жоспарланған. Алғашқыда 8 станция мен 5 пойыз жұмысты бастайды, – деді ол.