«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясы мұнай өндіруді қысқартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ҚР Отын-энергетика кешенінің Ситуациялық талдау орталығына сілтеме жасап.
29 қарашада «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясында тәуліктік өндірістің төмендеуі 34%-ды құрады (36-дан 23,8 мың тоннаға дейін). «Тенгизшевройл» компаниясында төмендеу 67% (83,4-тен 27,2 мың тоннаға), NCOC бойынша 65% (54-тен 18,6 мың тоннаға дейін) құраған.
27 қарашада КҚК Новороссийск ауданында өте қолайсыз ауа райы жағдайлары қалыптасқанын хабарлады. Оған сәйкес, желдің жылдамдығы 22-24 м/с (79,2-86,4 км/сағ), толқын биіктігі 6-8 метрге тең болған.
«Дауыл туралы ескерту жарияланды, оған сәйкес КҚК теңіз терминалында мұнай құю тоқтатылды, танкерлер күту орындарына жіберілді. Серіктестіктің резервуар парктері толығымен толтырылды. Осыған байланысты мұнай жөнелтушілерден жеңілдетілген мөлшерлемемен қабылдануда», – делінген хабарламада.
Еліміздің Энергетика министрлігінде жағдайдың қанша уақытқа дейін қалыпқа келетіні туралы деректер жоқ. Жақын арада өндірісті қысқарту және түзету ағымдағы деңгейде қалмақ.
«Тасымалдауды қалпына келтіру болжамы туралы көптеген сұрақтарға жауап бере отырып, КҚК ауа райы бюросы емес екенін және ол қаласа да ауа райы болжамын бере алмайтынын атап өткім келеді. Сонымен қатар біз кем дегенде екі танкерді тией алатын қалыпты ауа райыны асыға күтеміз. Қашықтан арқандап байлау құрылғылары мен қалқымалы шлангтарды дауыл алдындағы бораннан кейінгі тексеру жүргізіледі», – деп хабарлады КҚК.
Каспий құбыр консорциумы мұнай құбыры арқылы айдалатын көлемнің 80%-дан астамын құрайтын қазақстандық мұнайды экспорттаудың негізгі бағыты болып табылады.
КҚК ірі акционерлері – Транснефть (24%) және ҚазМұнайГаз (19%). Ұзындығы 1511 км Теңіз-Новороссийск құбыры Қазақстан Республикасының барлық экспортталған мұнайының үштен екісінен астамын, сондай-ақ ресейлік кен орындарынан, соның ішінде Каспий теңізіндегі шикізатты жеткізеді. Компанияның теңіз терминалы үш қашықтықтан байлау құрылғысымен жабдықталған.
Оралхан ҚОЖАНОВ