Университеттер Almaty Hostel-мен келісімшарт жасаспаған

Ғалиасқар Думан

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматы университеттері студенттерді орналастыру бойынша аталған хостелмен шарт жасаспағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Студенттерді бұл хостелге орналастыру жүргізілген жоқ. Деректерге сүйенсек, хостелдің барлық тұрғындары жеке рекрутингтік компаниямен ынтымақтастық арқылы өз бетінше шарт жасасқан", — делінген хабарламада.

Жоғары оқу орындары 87 қонақүй мен жатақханалар жалға алғаны айтылды. Онде тек жоғары оқу орындарының студенттері тұрады.

Еске салсақ, Алматыдағы хостелдердің бірінде өрт шығып, 13 адам қаза тапты. Қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдік (Ресей Федерациясының екі азаматы, екеуі Өзбекстан азаматы ), қалғаны Қазақстан азаматтары.

«Барлау және өртті сөндіру барысында 13 қаза тапқан адам анықталды, олардың жеке басы анықталуда. Олар көміртегі тотығынан уланып қайтыс болған. Жатақханада 72 адам болған, 59 адам эвакуацияланды», – делінген ТЖД хабарламасында.

Өртті сөндіруге Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 46 қызметкері мен 13 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, жеті жедел жәрдем бригадасы тартылды.

Өрт пен өлімнің себептері анықталуда.