Сағат 12:50 кезінде Шаяхметов көшесінде салынып жатқан нысанда кран құлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы "Костанайские новости" ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Кабинада 49 жастағы краншы болған. Алған ауыр жарақатынан ол оқиға орнында көз жұмды.
Қылмыстық кодекстің 277-бабы 2-бөлігі (таулы және құрылыс жерінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы салдарынан болған кісі өлімі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.