Бұған дейін Риддер қаласындағы жалғыз қазақтілді «Шаңырақ» мектебінің жабылуы туралы қауесеттер шыққан еді. Бұған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Жаздың күні «Шаңырақ» атты жалғыз қазақтілді мектеп жабылды деген дау болған еді. Анығында бұл мектеп жабылған жоқ. Кезінде жаңа ғимаратқа көшіру туралы уәде берілген және бұл ғимаратқа қазақша және орысша екі мектеп қатар көшірілген. Онда 600 баланың 300-і қазақша, 300-і орысша білім алуда. Келесі жылы Риддер қаласында 1200 орынға 2 мектеп салу жоспарлануда. Сол мектептер құрылысы аяқталғанда мектептер екіге бөлінеді», – деп түсіндірді облыс әкімі.
Мектептердің бірін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде «Қазмырыш» салады. Тағы бір білім ошағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша жоспарланған.
Оралхан ҚОЖАНОВ