Атырауда полиция интимдік қызмет көрсететін транссексуал мен ер адамды анықтады

Ulysmedia

Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интимдік қызмет көрсететін саунаны анықтады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Фото: Polisia.kz

Полицияның хабарлауынша, саунада еліміздің түрлі өңірлерінің – Шымкент, Алматы және Жамбыл облыстарының 8 тұрғынына "қызмет" көрсетілген.

– Әкімшіге қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар "Құқықтық тәртіп" іс-шарасы барысында интимдік қызмет көрсеткен Тәжікстан Республикасының 26 жастағы транссексуал азаматы мен интернет желісі арқылы интимдік қызмет көрсету үшін тапсырыс қабылдаған ер адам белгілі болды. Қазақстанға қараша айында келген шетелдік азаматқа қатысты елден шығару жөнінде іс-құжаттар көші-қон басқармасына тапсырылды, – делінген хабарламада.

Анықталған адамдар жезөкшелікпен айналысқандар есебіне тіркелді.