Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өткен COP 28 Дүниежүзілік климаттық саммитіне қатысып, Қазақстанның және басқа да елдердің мемлекеттік органдары мен бизнес құрылымдары арасындағы бірқатар келісімдерге қол қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мемлекет басшысының қатысуымен мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы үкіметаралық келісім (1 ГВт);
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және Біріккен Араб Әмірліктерінің Инвестициялар министрлігі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында жалпы қуаты 10 ГВт төмен көміртекті энергетиканы дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.
3. Qazaqstan Investment Corporation және ADQ арасындағы стратегиялық серіктестік туралы өзара түсіністік туралы меморандум;
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, «Актас Энерджи» ЖШС және TotalEnergies арасындағы «Батареялық қуат қоймасын пайдалана отырып, жалпы қуаты 1 ГВт жел энергиясын пайдаланатын электр станциясын дамыту, салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы инвестициялық келісім. Қуаттылығы сағатына 300 МВт/600 МВт-сағат құрайтын жоба Жамбыл облысы Мирный ауылының маңында салынбақ.
5. «Самұрық-Қазына» АҚ мен ACWA Power арасындағы энергия сақтау жүйесі бар жалпы қуаты 1 ГВт жел электр станцияларын жобасын бірлесіп әзірлеу туралы келісім;
6. «Самұрық-Қазына» қоры мен PresightAI арасындағы цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды жүзеге асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;
7. «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ мен AD Ports Group арасындағы Қазақстанда кеме жөндеу және кеме жасау кәсіпорнын құру туралы өзара түсіністік туралы меморандум;
8. «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ мен Abu Dhabi Ports Group арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;
9. «Атамекен» АЭС, «SAFC» ЖШС және SEFE Marketing & Trading арасындағы орман климаты жобаларын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
10. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Emirates Nuclear Energy Corporation арасындағы табиғи уран концентраттарын жеткізу туралы келісім.