Жылу тарифін 149% көтеруді сұраған монополистің өтініші кері қайтарылды

Оралхан Қожанов

Табиғи монополияларды реттеу департаментінде азаматтар мен мемлекеттің мүддесі қорғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментінің басшысы Нұрлан Нұрмұратовтің айтуынша, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС бес жылдық кезеңге тарифті 149 пайызға көтеруге өтініш берген.

«Департамент мамандары тиісті талдау жүргізді.  Біз тарифтерді бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдадық. Соған байланысты 2021 жылғы тариф күшінде қалады», деді Нұрлан Нұрмұратов.