Үмітке толы үшінші күн: жоғалған 4 жасар баланы іздеуге әскерилер қосылды

Оралхан Қожанов

Түркістан қаласында үш күн бұрын далаға ойнауға шыққан бала әлі табылған жоқ. Үш күн бойы іздестіріліп жатқан 4 жасар баланы табуға әскерилер де қосылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Қазір Ұлттық ұланның сарбаздары жоғалған баланы тәртіп сақшыларымен бірге іздестіріп жатыр.

«Облыстағы 17 қала, аудандарға бүлдіршіннің жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер жіберілді. Полицияның жеке құрамы мен иісшіл иттер, әскерилер мен еріктілер және жедел уәкілдерден құралған арнайы топ жан жақты жұмыс істеп жатыр. Іздеуге дрон аппараты да қосылды», деді Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Әбдіжаппарова.