Қостанайда 20 тонна шемішке өртеніп кетті

Оралхан Қожанов

Пешковка ауылы «Трояна» ЖШС аумағындағы кептіру камерасынан өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 200 шаршы метр аумақта сақталған астық кептіргіштегі шемішке (шамамен 20 тонна) өртеніп кеткен.

«Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - технологиялық процестің бұзылуы», – делінген хабарламада.