Білім министрі Түркістан облысындағы суицид туралы айтты

Ulysmedia

Асхат Аймағамбетов Ulysmedia.kz тілшісінің Түркістан облысы, Састөбе ауылы, А.Макаренко мектебіндегі суицидке, сондай-ақ зорлық-зомбылық, төбелес және бопсалауға қатысты сұрағына жауап берді.

Фото: Ulysmedia.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде Білім және ғылым министрі Ulysmedia.kz тілшісінің шулы жағдайдан кейін Түркістан облысы Састөбе ауылының А.Макаренко атындағы орта мектептің директоры не себепті әлі басшылық етіп отырғанына қатысты, оған қатысты қандай шара қолданатыны туралы сұрағына жауап берді.

«Мектепте директоры қызметінен шеттетілді. Тергеу нәтижелері бойынша шаралар қабылданады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу нәтижесін күтейік. Біз барлық мүдделі тұлғалардың қатысуымен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі үлкен ведомствоаралық комиссияның отырысын жоспарладық. Осы істі талқылаймыз. БАҚ өкілдеріне қызметтік тергеу нәтижелері туралы ақпаратты тікелей алуға мүмкіндік жасау үшін кездесуді онлайн режимде өткіземіз. Онлайн режимдегі кездесуде осы жағдайға қатысты аумақтық әкімшілік пен мектеп басшыларының, Түркістан облысындағы қызметтік тексерудің нәтижелері мен жауаптары тыңдай аласыздар», - дейді ол.  

Ulysmedia.kz тілшісінің 2015 жылы болған суицидтен кейін, зорлау, төбелес, бопсалау оқиғаларынан кейін мектеп директоры не себепті қызметінен кетпегені туралы қайталап қойған сұрағына Білім министрі аталған фактілер әлі тексеріліп жатқанындығын айтып түсіндірді.

«Аталған жағдайлар қаншалықты мектеп басшысының, ұжымның қызметіне қатысты болғаны, қандай шаралар қабылданғаны, қандай әрекеттер жасалған-жасалмағаны тексерілуде. Барлық сұрақтардың жауабы бұқаралық ақпарат құралдарына хабардар етіледі. Бұл – үлкен трагедия және ешкімді шетте қалдыруға болмайды. Міндетті түрде тергеулер аясында шаралар қабылданады», - дейді министр.

Бұған дейін аталған мектепте 9-сынып оқушысы асылып қалғанын жазған болатынбыз.