Қазақстан чемпионы Түркістан облысындағы зауытта қаза тапты

Сырым Қаржас
Известия / Дмитрий Коротаев

Түркістан облысында кафель өндіретін зауытта 28 жастағы спортшы Тілектес Әділ қаза тапты. Ол есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында күрестен Қазақстан чемпионы болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Әділ Тілектестің қаза болғанын оның досы хабарлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, спортшы зауытта жұмыс істеген. Жұмыс барысында абайсызда электр сымына тиіп кеткен. Оны тоқ соғып, кейін биіктіктен құлап кеткен.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келгенімен, спортшыны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Чемпион атанған

Тілектес Әділ грек-рим және еркін күреспен айналысып, есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында өнер көрсеткен.

2018 жылы Ақтөбеде өткен Қазақстан спартакиадасында грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанды. Ал бір жылдан кейін Қостанайда өткен жарыста 60 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленді.

Спорттық мансабында республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері болған.

Тілектес Әділ 1998 жылы туған. Оның артында әйелі мен екі баласы қалды.