Қазақстанда босқын мәртебесін алғысы келетіндер үшін жаңа ережелер енгізілмек

Ulysmedia

Қазірдің өзінде олар ерікті түрде медициналық тексеруден өте алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Pixabay

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі «Ашық НҚА» порталында босқын мәртебесін беру туралы өтінішті тіркеу және қарау қағидаларына түзетулер жобасын жариялады.

Пана іздеп жүрген азаматтар шетелдіктерге босқын мәртебесін алуға тыйым салатын аурулардың тізбесінің жоқтығына міндетті медициналық куәландырудан өтуі тиіс. Бұл тізімге туберкулез, жедел инфекциялар, психикалық бұзылулар, нашақорлық кіреді.

Жаңа ережелер пана іздеген азаматтардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Бұдан бөлек, босқын мәртебесін алғысы келетін адам министрліктің хабарламасынсыз Қазақстанның шекарасынан шығып кетсе, өтінішхатты қарау тоқтатылмақ.

Айта кетейік, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазіргі уақытта Қазақстанда Ауғанстан, Украина, Өзбекстан, Сирия және ҚХР-дан 325 босқын тұратыны хабарланған болатын.