Ақмола облысының Степногорск қаласында жылу трассасында апатты жағдай орын алды. "Степногорск Теплотранзит" ЖШС мамандары қала тұрғындарының үйлерінде жылумен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Апат салдарынан бірнеше көпқабатты үйлерге жылу беру тоқтатылған.
“Қалпына келтіру жұмыстарын жою және үйлестіру үшін облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен жедел штаб жұмыс істеуде. "Степногорск Теплотранзит" ЖШС мамандары қала тұрғындарының үйлерінде жылумен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жақын арада жылу беру қалпына келтіріледі. Жағдай тұрақты және жергілікті атқарушы органдардың бақылауында", - делінген хабарламада.
Облыс басшысы апат жақын арада жойылатынын айтып сендірді.
Кейін сағат 8:10-да апатты жою жұмыстары аяқталып, құбырларды сумен толтыру жұмыстары жалғасып жатқаны хабарланды.